spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Балалардың терезеден құлап кету фактісі жиілеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйлердің терезесінен  екі бала құлап кеткен. Бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алған. Бұл мәлімет Ақмола облысы ТЖД-нің бастығы Алексей Советов қатысқан брифингте айтылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға былай болған. 19 наурызда екі жастағы бала ас үйдің ашық тұрған терезесіне шығып төртінші қабаттан құлап кеткен. Баланы аурухана апарған соң аман алып қалу мүмкін болмаған.

Екінші оқиға 2 сәуірде орын алған. Төрт жасар бала пәтерде анасымен бірге болғанмен, уақытша қараусыз қараусыз қалып қойып, төртінші қабаттан құлап кеткен. Балақай ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

Төтеншеліктер жыл сайын балалардың терезеден құлап кететін жағдайы жиілеп бара жатқандығын айтып дабыл қағуда!

Сондықтан ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға, терезені ашық тастамауға шақырады. Мұның арты оны толмас қайғыға әкеп соқтыратынын ескертеді.

Өңірде жыл басынан бері мұндай фактілерді болдырмау мақсатында балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелерде, білім беру ошақтарында, тұрғын үйлерде департамент өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар және білім басқармаларымен бірлесіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

«Абайлаңыз, терезе ашық тұр!», «Ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!» атты 850 ге жуық жадынама таратылып, подъездерге жапсырылып, үйлердің қабырғаларына стендтер ілінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img