spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Көкшетауда Қопа көлінен қауіпті заттар іздестірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда төтенше жағдай құтқарушылары мен сүңгуірлері Қопа көлінің түбінен адам денсаулығына қауіпті заттарды іздестіруде, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шанс» мүгедектер қоғамы төрағасының өтінішімен Қопа көлін тексерген, құтқарушылар табылған заттардың адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деп топшылайды. Әсіресе, шомылу маусымы басталған тұста Қопа көлінен табылған заттар адамдардың денсаулығына қатер төндіруі мүмкін, – дейді құтқарушылар.

Бүгін 13 мамырда Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және жедел құтқару жасағымен бірге Қопа көлінің түбінен қауіпті заттарды тексеру жұмыстары басталды. Әсіресе, қысқы балық аулау кезінде көл бетіне тасталған шыны және темірден жасалған заттар қар ерігенде су түбіне кеткен. Аталған заттар  суға түсу кезінде адамдарды жарақаттауы мүмкін, – дейді Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Максим Шатковский.

Құтқарушылардың хабарлауынша Қопа көлінің түбінен көл жағалауындағы жекеменшік жағажайлардың пирс блоктары, сынған шыны-шөлмектер, қармақтар мен қоқыс қапшықтары және өлген көгершіндер табылған. Жұмыстар суға түсу маусымы ашылғанға дейін жалғаспақ.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика