spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа қаулыға сәйкес сақтық шаралары жалғасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Республикада ТЖ алынып, карантин режимі сақталуына байланысты Ақмола облысында аймақ басшысының  орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен онлайн брифинг өтті,-деп хабарлайды Aqmola News.

Сонымен қатар, брифингте облыстың бас санитарлық дəрігері Айнагүл Мусина карантин режимінің сақталуына байланысты жаңадан қабылданған қаулының талаптары туралы түсіндірді.

Қаулы ережесіне сәйкес аймақтағы базарлар мен дүкендердің біразы ашылып, сəн салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жандана бастаған. Шағын жəне орта бизнес нысандары мен ірі кәсіпорындар жаңа ережелерге сəйкес жұмыс істей бастаған.

А. Мысырәлімованың айтуынша, өңірде карантин режимі толық алынбағанына қарамастан, көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады.

«Əлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде маска тағып жүру – қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Төтенше жағдайға байланысты ашылған 100-ден астам блокпостың 70-і жұмысын жалғастырады. Бұл – біздің облыс тұрғындарының денсаулығы үшін қажет. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтың жұмысы да жалғасады. Облыста 20 мың адамға тест жасалды, олардың барлығы да теріс нəтиже көрсетті», – деді әкім орынбасары.

Осы ретте, ол барша ақмолалықтарды карантин тəртібіне шыдамдылық танытып, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес карантин уақытында дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп, сақтық шаралары жалғасады.

Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істейді. Мекемелерде 30-дан аспайтын қызметшілердің жұмыс режимі саталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img