spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

Ақмолалық қоғам белсенділері Президент мәлімдемесіне орай пікір білдіруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі төтенше жағдай мерзімінің аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесі бойынша Ақмола облысының қоғамдық ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарының белсенділері де өз пікірлерін білдіруде. Солардың бірі «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұлдың пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндік тәртіптің біртіндеп алынатынын айтты. Бірақ, коронавирустың салдарын жою бағытында жұмыстар жалғасатын болды.
Шыны керек, осы карантиндегі біршама уақыт адамдарды өз үйінде қамсыз жатуға мәжбүр етті. Айналадағы өмірден де алшақтатып жібергендей. Адам болғасын қызу өмірдің ортасында жүргенге не жетсін. Осының бәрі коронавирус індетінің кесірі.
Енді бұл індеттің таралуы аз да болса, тұрақталып, карантиндік кедергілер алына бастауы жақсылықтың белнісі. Қарап отырсақ, ел экономикасы біршама қиындықтарға кезіккенін де жоққа шығармасақ керек. Барлық кәсіпорындар есіктерін тарс жауып қойса, осылай болмағанда қайтеді. Дегенмен, ел Президентінің бүгінгі мәлімдемесінен кейін сауда орындары ғана емес, іргелі өндірістерге де жан бітеді. Бұл әлеуметтік саладағы мәселенің асқынуына жол бермеудің бір арнасы деп ұққан жөн.
Өндірістер жұмыстарын жандандырса, бюджет қоржыны толығады. Бір кәсіпкер азаматпен сөйлескенде, ол карантин созыла берсе, көп кәсіпорындар банкротқа ұшырайтынын айтты. Сондықтан бүгінгі мәлімлемеден кейін көп мәселе жақсы қырына қарай шешімін табады деп сенейік, – деді Бақыт Смағұл.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img