spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

Ақмолада коронавирус инфекциясына байланысты жаңа қаулы шығарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына коронавирус инфекциясына байланысты жаңа қаулы күшіне енді. Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау департаменті мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ведомствоның хабарлауынша карантиндік шектеулер Ақмола облысында одан әрі жалғасады. Дегенмен өңірдегі жағдайға сәйкес қаулыда біршама оң өзгерістер пайда болды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында тұрғылықты жерінен бірнеше адамның бетпердені кие отырып, сағат кешкі 22.00-ге дейін аулада, гүлзарлар мен парктерде қыдыруға рұқсат берілді. Сондай-ақ, кешкі 21.00-ге дейін қала сыртындағы саяжайға барып қайтуға болады. Дегенмен, өңірде әлі де болса инфекцияның таралуы қаупі жоғары болғандықтан, отбасылық түрлі мерекелерді ұйымдастыруға, көрші-көлем немесе туған-туысқандардың үйлеріне баруға тыйым салынады. Ал, жерлеу рәсімін өткізу кезінде 20 адамнан артық адам жиналмауы қажет, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Қаулыға сәйкес аудандардың сондай-ақ Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктеріне коронавирус инфекциясының деңгейі 7 күн ішінде 7 пайыздан аспаған жағдайда бұқаралық ірі шараларды ұйымдастыруға, адамдар көп жиналатын ойын-сауық орталықтарының, діни нысандардың жұмысына, сонымен қатар Ақмола облысының аумағынан кіріп-шығуға тыйым салуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ қаулыға сәйкес меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі кезең-кезеңімен іске қосылатын болды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img