spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
7.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында АИТВ індетінің эпидемиялогиялық жағдайы мамандар назарында

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың төрт айында АИТВ індетін 42 адам жұқтырған. 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша АИТВ індетімен 735 адам ауырған,-деп хабарлайды Aqmola News.

Бұл туралы ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері Бұрмағанов Құрманбек мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының жыныстық жолмен жұғуының жоғарылуы байқалған.  Ең көп зардап шеккендер  20-29 жастағы тұлғалар екендігі белгілі болды.

Бұл көрсеткіштер «қауіп қатер топтары» шкңберінен асып, жалпы халық арасында кеңінен таралатындығын көрсеткен.

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алудың халықаралық күні ретінде атап өтіледі.

Осы күн қарсаңында түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдар туралы естелік идеяларымен біріктірілген жаппай іс-шаралар ұйымдастырылады: кең ауқымды акциялар, флэш-мобтар, баспасөз конференциялары, ақпараттық бағдарламалар, сөзжұмбақтар, көрмелер, ал шіркеулерде панихидтер өткізіліп, қайтыс болғандар туралы естелік шам жағылады.

АИТВ-инфекциясы ұлттық, гендерлік, жас ерекшелігіне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әркім де жұқтыруы мүмкін.

Еске алу күнін өткізудің мақсаты ЖИТС-тен қайтыс болған адамдардың мәселелеріне әлемдік жұртшылықтың назарын аударту, адамдарды АИТВ-инфекциясының алдын алу әдістері мен оның берілу жолдары туралы мүмкіндігінше көбірек хабардар ету болып табылады.

ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні шеңберінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығы екі байқау өткізеді. Оның бірі журналистер арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу» тақырыбына үздік жарияланым болса, екіншісі » Есте сақтау және өмір сүру!» тақырыбына Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік постқа байқау жарияланады.

Сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте (akmaids) әлеуметтік желілеріндегі орталықтың ресми аккаунттарының беттерінде байқау ережелерімен толығырақ танысуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img