spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
2.2 C
Kokshetau

Ақмолаға Ұлыбританиядан шөжелер ұшып келді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмолаға ағылшынның асылтұқымды шөжелері ұшақпен жеткізілді. Аналық мекиен тауықтарды өсіруде әлемдік лидер саналатын америкалық Hy Line компаниясынан алынған бұл тұқым өңірдегі құс шаруашылығын дамытуға бағытталған, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Қазақстан жұмыртқа өндірушілері ассоциациясының басшысы Максим Божко мәлім етті.

Осыдан бір жыл бұрын біз Қазақстанға үздік генетиканы жеткізу туралы келіскенбіз. Мекиендердің алғашқы легі АҚШ-тан былтырғы жылдың күзінде жеткізілген. Бұл жолы Тұманды Альбионнан асылтұқымды шөжелерді әкелудің сәті түсті. Біздің компанияда егіс даласынан бастап дүкен сөрелеріне дейін толық өндірістік цикл қалыптасқан. Қазақстанда тек @kurochka_ryaba.kz ғана екі асылтұқымды репродуктор бар. Олардың бірі бройлер тұқымын ұдайы өсіру болса, екіншісі мекиен тауықтар болса керек, – деді Максим Божко.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика