spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
-0.4 C
Kokshetau

Көкшетауда пәтердегі өрттің салдарынан 37 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Пушкин көшесі 11 үйде болған  өрттің салдарынан 7 бала мен 30 ересек адам қауіпсіз жерге көшірілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтерден шыққан от лезде үйдің балконына шарпыған. Өрт кешкі 17.49 шамасында ауыздықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауға төтенше жағдай департаментінің 13 қызметкері мен екі техника бірлігі жұмылдырылды. 30 ересек адам мен 7 бала эвакуацияланды, – деді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен.

Тұрғын үйлердегі әрбір оныншы өрт темекі шегуден, ал әрбір екіншісі от жағуда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан орын алады. Сөнбеген темекі тұқылы мен сіріңке шырпысы орны толмас зардаптар әкелуі мүмкін. Сондықтан облыстық төтенше жағдай департаменті азаматтарды шаруашылықта өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жүйесі жетілдірілуде

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде Ақмола облысында шамамен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика