spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолада елдімекендерді ауыз сумен қамтуға 71 миллиард теңгеден астам қаражат қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп ауылды елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету туралы ақпараттарды жинайтын және орналастыратын жалпыға қолжетімді www.auylsu.kz сайтын іске қосты, – деп хабарлайды «Aqmola news». Бұл туралы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан мәлім етті.

Жаңа сайт арқылы ауылды елдімекендердің ауыз сумен қаншалықты қамтылғанын жылдам анықтауға болады.

Сервис құрылымы әрбір қолданушы өзіне қажетті мәліметтерді еркін тауып ала алатындай етіп жасалған. Барлық контент негізінен статистикалық деректерден тұратындықтан қабылдауға аса жеңіл. Сайт облыстағы кез-келген ауданда немесе елдімекендегі сумен қамту саласы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Яғни, онда қандай елдімекендер мен ауылдардың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгені яки су мәселесінің шешілмегені айқын көрінеді. Мұнымен қоса инженерлік желілердің ұзындығы мен олардың қаншалықты тозғаны жайлы нақты ақпараттар орналасқан  – деді Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко.

www.auylsu.kz сайтында көрсетілген деректерге жүгінсек, Ақмола облысында жалпы 590 елдімекенде 456 379 адам тұрып жатыр. Осылардың ішінде 364 ауыл таза ауыз сумен қамтылған. Ал 226 ауылда су құбырлары желісі тартылмаған. Яғни, 86505 адамның таза ауыз су мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ облыс аумағындағы ауылдарда 5 мың шақырым сумен қамту желілері тартылған. Дегенмен, қазіргі уақытта құбыр желілерінің жартысынан астамы яғни 52,309 пайызы жөндеуді қажет етеді.

Сайтта сонымен қатар елімізде ауылды жерлерге орталықтандырылған ауыз су жеткізу үшін қанша қаражат жұмсау қажеттігіде берілген. Оған сәйкес өңірдегі ауылдарды таза ауыз сумен қамту үшін 71 835 455 900 теңге қажеттігі көрсетілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img