Карантин режимі кезінде Көкшетауда бір миллион шаршы аумақ Көкшетау техникалық институты қызметкерлерімен зарарсыздандырылды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тек бір күн ішінде ғана зарарсыздандыру құралдарымен 61,6 мың. шаршы метр аумақ өңделді. Әсіресе, халық көп жүретін «Нұртау», «Кристалл» сауда орталығы, «SMALL» көтерме маркеті, «Мечта» электроника дүкені сондай-ақ орталық базар аумағындағы сауда үйлерінің маңы зарарсыздандырылды. Сонымен қатар, берілген тапсырмадан бөлек «Науан хазірет» мешіті мен «Kaspi bank» аумағына дезинфекцияланған.
Барлық жүргізілген шаралар халықтың денсаулығы мен өмірін қауіптен аралашау үшін жүзеге асырылуда. Өйткені адамдар көп жүретін орындар мен көшелерді зарарсыздандыру коронавирус инфекциясының алдын алудың ең қолжетімді әдісі болып табылады, – деді баспасөз қызметінен.
Жалпы төтенше жағдай жарияланғаннан бері Көкшетауда 1034,7 мың шаршы метр аумаққа дезинфекция жүргізілген.