spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда саяжайларға тасымалдау мәселесі шешімін тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда саяжайларға тұрғындарды тасымалдау мәселесі шешілді. Бұл туралы Ақмола облысының «Жолаушылар тасымалы ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы Рустем Қалышев мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Рүстем Серікұлының айтуынша сайжайлары бар азаматтарға арнап автобустар қатынасы күніне екі мәрте жүреді.

Барлығы екі рейс жүргізу жоспарланып отыр. Қозғалыстың басталуы автобустардың соңғы аялдамасынан 9.00-де шығатын болады. Ал кері қарай дәл сол соңғы аялдамалардан 16.00-де жүретін болады. №34, 35, 14, автобустары «20 мектеп» аялдамасынан, №36,№12 бағыттағы автобустар «12 Орта мектеп» соңғы аялдамасынан, ал №32, 37, 13 бағыттар «№17 орта мектеп» соңғы аялдамасынан рейске шығатын болады. №37 бағыт Абылай хан даңғылы арқылы жүретін болады. Саяжай иелеріне жеке куәлігін, саяжай учаскелерінің иесі екенін растайтын құжаттарының (жер учаскесінің актісі, жалдау келісімшарты және тағы басқалары) көшірмесін өзімен бірге алып жүруі тиіс, – дейді Рүстем Қалышев.

Автобустар қатынасы 1 мамырдан бастап іске қосылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img