Көкшетауда Әуезов көшесінің бойында қан тапсыруға арналған биоматериалдар жинайтын мобильді қабылдау пункті жұмыс істеуде,-деп хабарлайды «Aqmola News», облыстық денсаулық басқармасына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, COVID-2019-ға тест тапсыруға ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысымен бекітілген тұлғалар ғана құқылы. Егер сіз бұл тізімдегі санатқа енгізілмесеңіз, сіз үшін анализ тапсыру қол жетімсіз екенін ескеріңіз.
Коронавирус инфекциясының бар жоғын анықтауға арналған тест тапсыру үшін алдымен денсаулық сақтау министрлігінің formcovid.eisz.kz сайтына тіркеліп, сауалнаманы толтыру қажет.
«Мырзахан» ЖШС «Олимп» клиникалық-диогностикалық зертханасының Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Әсет Бекбосыновтың айтуынша, сайтқа тіркеліп, өтініш берілген соң тұлғалардың қан тапсыру мерзімі жоспарланады.
Тест тапсыруға өтініш берген тұлғалардың келу уақыты СМС хабарлама арқылы жолданады.
Қазіргі таңда зертханаға 3000-нан астам тест қабылданған.
ҚР бас санитар дәрігерінің 14 сәуірдегі қаулысына сәйкес COVID-19-ға тест тапсыруына болатын тұлғалар тобының алгаритмдері:
- ЖРВИ және тұмау белгілері бар тұлғалар;
- Тыныс алу органдарының созылмалы ауруымен ауыратын диспансерлік учетта тұратын тұлғалар;
- Мемлекеттік шекараның рұқсат беру бекеттері арқылы эпидемиялық көрсеткіштері бар елдер Өзбекстан Республикасы мен ЕАЭҚ –тағы елдерден автоөткелдер мен теміржолдан өтіп Қазақстанға келген азаматтар;
- Коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша іс-шараларға жұмылдырылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, Әкімшілік қызметкерлері);
- Эпидемиялогиялық көрсеткіштері бар карантин аумағында тіршілік пен өмір сүрудің қажеттілігімен қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, сауда нысандарына жұмыс істейтіндер, азық-түлік, дәрі-дәрмек өндірушілер, қоғамдық тамақтану қызметкерлері, көлік құралдарын басқарып жеткізуді жүзеге асырушылар, ПИК қызметкерлері, дезинфекция қызметін іске асырушылар);
- Медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша созылмалы ауыр науқасқа ұшыраған жедел амбулаториялық кеңеске мұқтаж науқастар;
- Эпидемиологиялық көрсеткіштері бар тиісті аумақта қызмет ететін мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бекітілген тұлғалар;