spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолалық кәсіпкерлерге 8,7 миллиард теңгенің 57 жобасы мақұлданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада ағымдағы  жылдың 1 тоқсанында 8,7 миллиард теңгенің 57 жобасы мақұлданды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиын барысында мәлім болды.

Биылғы жылы индустрияландыру бағдарламасы бойынша 64 миллиард теңге сомасына 12 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жобалар жүзеге асқан жағдайда Ақмола облысында 826 жаңа тұрақты жұмыс орындары пайда болмақ. Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділіктерін қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 407 миллиард теңге бөлінген.

-Ақмолада «қарапайым заттар экономикасы» портфелінде бүгінгі таңда өңдек өнеркәсібінде 78 жоба қолға алынған.  Ал агроөнеркәсіп саласында 35,7 миллиард теңге қарастырылып, оның ішінде 8,7 миллиард теңгенің 57 жобасы мақұлданды, – деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Түзелбаев.

Басқарма басшысының айтуынша 45 жаңа жобаға 4 миллиард теңге сомасына несие беріліп, 299,3 миллион теңгеге қаржыландырылған, 86,8 миллион теңгенің 15 несиесі кепілдендірілген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше  осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ғана негізгі капиталған инвестиция көлемі 1,9 есеге артып, 75 миллиард теңгені құраған. Алайда, Жарқайың, Аршалы, Атбасар, Егіндікөл және Шортанды аудандарында инвестиция көлемінің айтарлықтай төмендегені байқалған.

Өңірде машина жасау саласы да айтарлықтай дамып, өндіріс көлемі 1,5 есе өскен. Құрылыс жұмыстарына да барынша назар аударылып, 6,3 миллиард теңгеге 151 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үйлер салу қарқыны Атбасар және Степногорск қалаларынан басқа облыстың барлық аудандарында өскен.

Облыс әкімі аудандар мен қалалардың әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына өндіріс қарқынын сақтап, қолда бар шағын және орта бизнес субъектілері санын арттыруды, өңдеу өнеркәсіптерінің өндірістік қуатын ұлғайтуды тапсырды.

         Құрылыс жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпей, тұрғын үйлерді уақытында тапсыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, көктемгі егіс науқанын уақытында және сапалы орындау қажет. Диверсификация шеңберінде мал шаруашылығын дамыту бойынша көрсеткіштер көлемін ұлғайтуды тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img