spot_img
Сенбі, Маусым 29, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмолада 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуы барысында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалар жүзеге асқан жағдайда 400-ге тарта тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Республикалық бюджеттен 332 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 45 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық әкімдік жиынында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы 5 мың көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 1,2 миллиард теңге бөлінген. Төтенше жағдай режимі кезінде кірістерінен айырылған 126 мың ақмолалықтарға әлеуметтік төлемдер белгіленіп, оның ішінде 119,3 мың. адам 5,1 миллиард теңге сомасында көмек алған. Еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты «2020-2021 жылдарға жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бекітілді.

Облыста жыл басынан бері  2328 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 1047 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Дегенмен Егіндікөл, Зеренді, Жақсы, Ақкөл, Бұланды және Аршалы аудандарында жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіштері төмен, – деді Қанат Дүзелбаев.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарының ауыз сумен қамтамасыз етуді, коммуналдық қызметтер үшін қарызды төмендетуді тапсырды.

Дәл қазір карантин уақытында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жасауға уақытында кірісу қажет.  Сонымен қатар білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына әзірлеп, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастар есірткіге қарсы

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жастар арасынданашақорлықтың алдын алу бойынша ішкі саясатбасқармасының жобасын іске асыру аясында Достықүйінде "Жастар есірткіге қарсы!"...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img