spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығының тағы үш қызметкерінен коронавирус анықталды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.

Вирустық инфекция 1982 жылы туған ер адам мен 1964 және 1995 жылы туған әйел адамдардан анықталған. Сонымен Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті.

Емдеу Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар госпиталінде жүргізілуде. Аталған медициналық-әлеуметік мекемеде  эпидемияға қарсы барлық шаралар бекітілген алгоритмге сәйкес өткізілген.

Облыс стационарларында қазіргі уақытта 406 емделуші ем қабылдауда. Оның ішінде провизорлық 174, карантиндік – 176, инфекциялық стационарларда 56 адам жатқызылған.

Үй карантинінде 524 адам бар.  Вирус анықталған 88 адамның ішінде 80-і Целиноград ауданынан екені анықталды. Облыстың басқа өңірлерінде жағдай өзгермеген. Аршалы ауданында -3 , Көкшетау қаласында – 4, Шортанды ауданында – 1 адам болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика