spot_img
Жұма, Қазан 24, 2025
13.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «жалған жиһаз жасаушы» үш адамды тақырға отырғызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жиһаз жасаймын деп бірнеше адамды алдап, қомақты ақшасынан айырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Жиһаз жасаушы» өз хабарламаларын  «ОLХ» жарнама сайтына орналастырған. Өте жылдам және арзан бағада жиһаз алу үшін бірнеше адам қармаққа өздері түскен. Мәселен, 2019 жылдың қазанында қалалық полиция басқармасына 51 жастағы әйел телефон шалып, жиһаз жасау үшін 200 мың теңгені аударып жіберген. Алайда, ақша есепшотына түскен соң байланыс мүлде үзілген. Осы уақытқа дейін дәл осыған ұқсас үш арыз түсті, – деді полицияның баспасөз қызметінен.

Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 190 «алаяқтық» бабының 1 тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

️Мемлекет басшысы «Азаматтарды экономикалық патриотизм рухында тәрбиелеу – аса маңызды міндет»

«Жасанды интеллект дәуірінде жаңа салалар мен бизнес түрлері міндетті түрде пайда болады. Бұл ойлы, алғыр жастар үшін нағыз жарқырай...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика