spot_img
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
-7.1 C
Kokshetau

Көкшетауда болған өрттен жанармай құю станциясы мен әкімшілік ғимарат өртене жаздады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласында дөңгелек жөндеу шеберханасында болған өрттен жақын маңда орналасқан жанармай құю станциясы мен «Көкшетау жолдары» әкімшілік ғимараты өртене жаздады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдай департаментінен хабарлады.

Бірден өрт сөндірушілер жетіп, 20 минут аралығында толықтай сөндірілді. Алайда, қатты желдің салдарынан лаулаған от таяу орналасқан «Көкшетау жолдары» әкімшілік ғимараты мен TNK жанармай құю станциясына да қауіп төндірді. Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 20 сарбазы мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Дөңгелек жөндеу шеберханасынан өрт сөндіру кезінде көлемі 40 литрлік газ балоны шығарылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің горнизон бойынша жауапты қызметкері Олег Малюк .

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика