spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада су тасқыны кезінде қайта жабдықталған су сору техникасы сынақтан өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар су тасқыны кезінде қайта жабдықталған сору құрылғысын сынақтан өткізді, – депхабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқыны кезінде Көкшетау қаласының құтқарушылары сағатына 1300 текше су соруға қабілетті мотопомп қондырғысын ГАЗ-66 және ЗИЛ-131 автокөліктеріне орнатып бұл бірегей жаңалық құтқарушылардың төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуіне жағдай жасаған.

Қайта жабдықталған су сору станциясы өзінің тиімділігін су тасқынына дейін-ақ көрсетті. Жыл басында Көкшетау қаласында №2 кәріз станциясында апат болып, 40 мыңға жуық абонент үш тәулік бойы сусыз қалған. Ағын су толассыз аққандықтан әрі жарылған құбыр алты метрлік тереңдікте орналасқан себепті апатты бірден қалпына келтіру мүмкін болмаған. Қолда бар тіркемелі су сору техникасын шұңқырға жақындатып қою мүмкін болмады. Сондықтан қайта жабдықталған мотопомпыны  ГАЗ-66 көлігіне орнатуға шешім қабылданып, 25 мың текше су сорылып алынды. Қайта жабдықталған қондырғы су тасқынына қарсы шараларда да өзін жақсы көрсетті, – деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментіне ішкі істер министрлігінен бес бірлік мотопомпылар сатылып алынған. Құтқарушылар су тасқыны кезінде еріген қар суын соруға тіркемелі су сорғысымен жедел бару мүмкін болмағандықтан, ГАЗ-66 және ЗИЛ131 базасында қайта жасап шығарды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img