spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантин режимінде ақмолалық тауар өндірушілер облыс тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай оның көлемін де арттырды. Атап айтқанда, өңірде жұмыртқа 4,4 есе, құс еті екі есе, сиыр еті 3,1 есе, ұн 47 есе, ал сүт және сүт өнімдері өндірісі 2,4 есе ұлғайған, – деп хабарлайды «Aqmola news» Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн сайын жергілікті кәсіпкерлер 300 тоннаға жуық сүт, 77 тонна сиыр еті, 123 тонна құс еті, 2,2 милиион дана жұмыртқа, 1000 тонна ұн және басқа да тауарлар өндіреді. Ал басқа облыстардан 100 тонна шамасында картоп, сәбіз және пияз сияқты көкөністер тасымалданады.

Елімізде карантин режимі кезінде мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу міндеті жүктелген. Бұл үшін облыста тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген шаралар нәтижесінде бірқатар азық-түлік төтенше жағдай режиміне дейінгі бағадан әлдеқайда арзандады. Көкшетау қаласында «Көкше-Нан» және «Көкшетау нан зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісім жасалған. Аталған кәсіпорындардың фирмалық нүктелерінде нан 75 теңгеден сатылуда. «Қазгер-құс» кәсіпорны жұмыртқаны тікелей әкеліп, он жұмыртқа 267 теңгеден саудалануда. Сонымен қатар біз басқа да азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуді қарастырудамыз, – деді Ақмола облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ербол Оспанов.

Ведомствоның мәліметінше өңірде ірі кәсіпорындардың қоймаларындағы азық-түлік қоры мен басқа облыстардан түсетін тауарларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Бүгінде азық-түлік қоры 35 мың тоннаны құрайды. Тауарлар ешқандай кедергісіз, сатылуда. Облыста азық-түлік тапшылығы мен дүрбелең байқалмайды.

Сонымен қатар «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өңірлік тұрақтандыру қорын ұлғайту бойынша іргелі жұмыстар атқарылуда. Қазір аталған тұрақтандыру қорында 1,8 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бар. Қосымша 1 мың. тонна азық-түлік сатып алу жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img