spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Ақмолада 55 әскери міндетті арнайы жиынға шақыртылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ерікті түрде қызмет етуге ниет білдірген әскери міндеттер арнайы жиынға шақыртылды. Жергілікті әскери атқарушы органдар арқылы жіберілген 55 жігіт қарулы күштер қатарын толықтырмақ, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Әскерилер қатары жергілікті әкімдіктер коронавируспен күресте қосымша күшке мұқтаж болған өңірлерде ғана толықтырылды.

Әскерге шақыру науқаны барысында тұрақты жұмысы жоқ жұмыссыз еріктілерге басымдық берілді. Жаңадан шақырылғандардың негізгі миссиясы коронавирустың таралуының алдын алуға тікелей байланысты болмақ. 32 шақыртылушы блок-бекеттерде қызмет етсе, қалған 23-і жергілікті полиция қызметімен бірлесіп елдімекендерді шолуға жұмылдырылды. Олардың бәрі тұрғылықты жері бойынша қызмет етеді. Көпшілігі үйлеріне қайтып, қызметке жұмысқа барғандай баруға мүмкіндігі бар, – деді аумақтық қорғаныс және мобильді даярлық жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Есмағамбетов.

Арнайы шақыруға тек әскерге шақырылушылар ғана емес ата-аналары да мақұл көреді.

Мемлекет басшысы арнайы әскери жиын өткізу туралы жарлық шығарғанда менің балам ұзақ ойланбастан әскер қатарына баруды жөн санады. Осынау қиын кезеңде өз Отанына көмек көрсеткені дұрыс деп санаймын, – деді шақырушылардың бірінің анасы Алмагүл Смағұлова.

Айтпақшы, арнайы жиынға өткен барлық әскери міндеттілер киім-кешек, тамақ, жеке қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, арнайы қызмет солдаттарына жалақы төлеу де қарастырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика