spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.7 C
Kokshetau

«Алтынтау Көкшетау» Ақмола облысының мұқтаж тұрғындарына 15 миллион теңге бөлді

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдай кезінде ақмола облысының іргелі кәсіпорындары тұрғындарға көмек қолын созуда. «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорны да «Бастау Ақмола» қоғамдық қоры арқылы өңірдің мұқтаж тұрғындарына 15 миллион теңге сомасында қаражат бөліп, қолдау жасады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Компания Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен қаражатты Көкшетау және Зеренді ауданының мұқтаж отбасыларына берді. Аталған материалдық көмек көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға, барынша төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және жетім балаларға табыс етілген.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше барлығы 215 адамға көмек көрсетілген.

Біз әрқашан ірі бизнестің жауапкершілігін сезіне отырып облыс тұрғындарына көмек көрсетуге тырысамыз.  Коронавирус пандемиясының салдарынан дағдарыс болса да, бұл біздің береке-бірлігімізге кері әсерін тигізбейді. Керісінше одан сайын біріге түсіп, жақындарымызды ұмытпауымыз қажет. Біз 50 отбасыға атаулы әлеуметтік қолдау жасадық. Материалдық жағынан бөлек, тұрғындарға дәрі-дәрмек, антисептикалық құралдар мен бетперделер алуына көмек көрсеттік, – деді кәсіпорынның бас директоры Игорь Когай.

Кәсіпорыннан бөлінген атаулы әлеуметтік көмекті жеткізуді Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері ұйымдастырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img