spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмолада білім басқармасының басшысы тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімінің 2020 жылдың 20 сәуіріндегі өкімімен Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бейбіт Айтымұлы 1961 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1984 жылдан бері білім саласында еңбек еткен. Жұмыс істеген жылдарда мұғалім, Зеренді ауданы білім бөлімінің басшысы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2015-2019 жылдары Көкшетау қаласының білім бөлімінде басқарушы лауазымдарда жұмыс істеген.

2019 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік мәселелер бойынша Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика