spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетау техникалық институтының бастығы Сырым Шәріпханов : Дезинфекциялау жұмыстары карантин аяқталғанға дейін жалғасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау техникалық институтының  сержанттық және профессорлық – оқытушылық құрамы мен 575 курсанты қашықтықтан оқу әдісі уақытында қалада дезинфекциялау жұмыстарын жалғастыруда.  КТИ-дің болашақ құтқарушылары мен оқытушыларының төтенше жағдай уақытындағы атқарып жатқан жұмыстары туралы оқу орнының бастығы , азаматтық қорғаныс полковнигі Сырым Шәріпқановпен «Aqmola News» тілшісі тілдесті.

Аурухана палаталарында адам ағзасындағы инфекциямен ақ халатты дәрігерлер арпалысып жатса, құтқарушылар көшелердегі вирус пен микробтарды жоюға күш салуда. Сырым Дүйсенғалиұлы да әріптестерімен бірге күнделікті облыс орталығындағы белгіленген аумақты дезинфекциялауға шығып жүр.

  • Күрделенген жағдайға байланысты карантин кезінде 3 апта бойы оқу орны тиісті шараларды қолға алды. Бұл бір жағы оқыту әдістемесі болса, екіншіден ғылыми қызмет болып саналады. Біз құтқарушылар болғандықтан кез-келген жағдайда алдыңғы шепте қызмет етуге тиіспіз. Біз өз міндеттерімізді жақсы білеміз,- дейді Сырым Шәріпханов.

Қала көшелерін жаппай дезинфекциялау тобының алғашқы шарасы өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен қала әкімі Амангелді Смайыловтың қатысуымен жүргізілген болатын. Белгіленген аймақ пен ережеге сәйкес 10 адамнан құралған жеке отряд жасақталды. Олардың әрқайсысы күнделікті арнайы қорғаныш киімдерін киіп, гидропульттар асынып, маска  мен көзәйнек тағып,  қолғап киіп көшелерге аттанады.

Көшелерді дезинфекциялау жұмыстары мен зарарсыздандыру Көкшетау қаласы әкімдігінің жоспарымен бекітіледі. Бір аптаға белгіленген жұмыстар күнделікті өзгертіліп, толықтырылып отырады.

Бұл бір рет қана жүзеге асатын акция емес. Үш аптадан бері қала көшерлерін дезинфекциялауды жалғастырудамыз. Төтенше жағдайдың аяқталуына дейін жұмысты тоқтатпаймыз. Күніне 5-6 аймақты зарарсыздандырамыз. Негізінен сауда нүктелерінің маңайын, адам көп жүретін жерлерді тазартамыз. Бізге бөлінген территорияға орталық базар, «Смол», «Союз» супермаркеттері, сондай ақ, «Жеке батыр», «Жібек жолы» базарлары мен ірі тұрғын жай комплекстері кіреді. Қазіргі уақытта хлор ерітіндісі бар қоспамен 500 шаршы километр аумақ зарарсыздандырылды,-дейді Сырым Дүйсенғазыұлы.

Оқытушылар мен офицерлерден, кафедралардың жетекшілерінен тұратын  жеке құрам ауысым бойынша жұмыс істейді. Олар қаладағы коммуналдық жұмыстарға да көмектеседі. Сырым Шәріпхановтың айтуынша, қысылтаяң шақта іске кірісіп, зарарсыздандыруға белсене араласып жүрген бұл командаға жалақы төленбейді.

  • Біз бүкіл әлем карантин режиміне көшіп, виурспен күресіп жатқанда бұғып отыра алмаймыз ғой. КТИ-дің жеке құрамы халықтың қауіпсіздігі үшін аурудың асқынып кетпеуіне тосқауыл болатын қадамдар жасауға үлес қосуға қашан да әзір. Әрине, мен оқу орнының басшысы ретінде қызметкерлерімізді марапаттау жөнінде жоғары басшылыққа ұсыныс білдіремін. ІІМ-де ақшалай сыйақы беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр, -деді Сырым Шәріпханов.

Бұл жоғарғы оқу орнында осындай күрделі эпидемиолгиялық жағдайда әрекет етуге қабілетті мамандарды даярлау жүргізіле ме деген заңды сұрақ туындайды.

  • Көкшетау техникалық институтында 7 кафедра бар. Оның ішінде төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс кафедрасын ерекше атап өткен жөн. Мұнда курсанттар «Радиациялық , химиялық және биологиялық қорғаныс» , «Эколгиялық қауіпсіздік» сияқты пәндерден дәріс алады. Олар инфекциялық аурулардың қауіптілігі және олармен қалай күресу туралы бөлімдерді меңгеріп шығады. Сондай ақ, оқыту курсы барысында қорғаныс және өңдеу құралдарын пайдалану, қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренеді. Біздің курсанттар мен офицерлер бұл жағынан өте жақсы дайындықтан өткен,-деп жауап берді Сырым Шәріпханов.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img