spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушыларға әлемдегі ең үлкен тікұшақ көмекке келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағында өрттің қауіпті кезеңінің туындауына байланысты сонымен қатар орман қорын өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласынан Көкшетауға МИ-26 көпмақсатты көлік тікұшағы әкелінді. – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МИ-26 тікұшағымен біз апатты жағдайларда зардап шеккен адамдарды дереу эвакуациялап, шағын алаңдарға қона аламыз. Сонымен қатар, автокөліктерді, медициналық бригадаларды, жанармайларды жеткізуге, жету қиын жерлердегі өртті өте үлкен су аспалы сыйымдылықтың көмегімен сөндіруге мүмкіндік береді, – деді төтенше жағдай департаментінен.

Атап өтерлігі аталған тікұшақ ең көп дегенде 3-4 тонна су шашатын басқа тікұшақтардан айырмашылығы өртке бір шыққанда 8 гектар аумақтағы өртке 15 тоннаға дейін су шаша алады. Ал бір күн ішінде тікұшақ 300 тоннаға дейін суды өртке шашады.

Қазір МИ-26 Көкшетау қаласында орналасқан. Техника қандай да бір тілсіз жау туындаған жағдайда дереу ұшып, зардап шеккендерді құтқаруға және өртті сөндіруге әзір. Тікұшақты ақмолалық құтқарушыларға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті ұсынды, – деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

МИ-26 дүние жүзіндегі ең ірі көлікті тікұшақ болып саналады. Ол бірнеше ондаған әлемдік рекордтар орнатып, күрделі тапсырмаларды орындаған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img