spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Ақмолалық ірі сауда орны медициналық мекемелерге 400 қорғаныс киімдерін тарту етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Орталық базар» акционерлік қоғамы өңірдің медициналық ұйымдарына 400 қорғаныс комбинезондарын табыс етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Елдегі вирустан туындаған қауіпті кезеңде қолұшын тигізуге шешім қабылдаған кәсіпкерлер көпшіліктің қолдауымен оны жеңуге болады деп санайды.

Әзірге COVID-19 вирусына қарсы екпе болмағандықтан біз қорғаныс құралдары біздің медицина қызметкерлері үшін аса маңызды болар деген шешімге келдік. Біз тек бірігіп күш жұмсасақ жаңа қауіпті вирусты жеңе аламыз, – деді «Орталық базар» акционерлік қоғамының президенті Дмитрий Игнатьев.

Кәсіпорыннан көмек түрінде берілген қорғаныс киімдері өңірдің медициналық мекемелеріне берілмек.

  • Аса қауіпті инфекция қоздырғыштарын жұқтыру мүмкіндігі үлкен болып тұрған қазіргі жағдайда медициналық мекеме қызметкерлері қолданатын арнайы киімдер комплектілері өте қажет. Бізге берілген бұл арнайы қорғаныс киімдері қажеттіліктерге сәйкес коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған медициналық ұйымдарға таратылатын болады, – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Болат Әбішев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика