spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа электронды рұқсаттама сервисі іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантин жағдайында ауыл шаруашылығы көліктері қозғалысы үшін электронды рұқсаттаманы жедел алу үшін жаңа сервистік қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалы мәлім етті. Аталған сервис ауыл шаруашылығы техникалары, жүк көліктері, жеңіл автокөліктер мен қызметтік көліктердің жүріп-тұруына рұқсаттамалар береді. Рұқсат алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттілігі туындамайды. Аталған рәсімдеу тегін, қарапайым және қолжетімді болмақ.

Электронды рұқсаттаманы алу үшін https://www.qoldau.kz/ сайтына тіркеліп, ЭЦҚ арқылы жеке кабинетке өту қажет. Одан соң басты бетте сервис түрлерінен AgroRuqsat қызметін таңдап, өтінім беру және түрін таңдау әрі жұмыс органы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасын таңдау қажет. Бұдан соң өңірдің қай ауданында ауыл шаруашылығы тауарөндірушісі мен оның қызметкерлері жүретінін,  ұйым қызметкерлерінің ЖСН нөмірін, көліктердің мемлекеттік нөмірі мен автокөлік иесінің ЖСН нөмірі көрсету керек. Осы қадамдарды орындағаннан кейін өтінім жолданып, ЭЦҚ арқылы қол қойылып, қарастыруға жіберіледі, – деді «Атамекен» ҰКП филиалынан.

Мекеменің мәліметтері бойынша бүгінге дейін аталған электронды рұқсаттаманы алуға 350-ге тарта өтінім қаралып, оның 10-ы мақұлданған. Өтінімдердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен, сонымен қатар жеткізушілерден түскен.

Ақмола облысы төтенше жағдай кезінде мұндай платформаларды қолдануға кіріскен алғашқылардың бірі болып кіріскенін әрі тәжірибе көрсеткендей сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Карантин жағдайында бұл халықтың көп жиналуын, өтінім берушілердің кезекке тұруына жол бермеуге мүмкіндік береді, – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жұлдызай Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетсек, 10 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантинге жабылған өңірлерде ауыл шаруашылығы көліктері мен тауарларын жеткізуші автокөліктердің кедергісіз өтуді қамтамасыз ету, «Жасыл дәліз» арқылы жедел рұқсат беруге тапсырма жүктеген. Аталған қызметті сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына кіріскен диқандар да қолдана алады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img