spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Көкшетауға дезинфекциялық автокөліктердің алғашқы легі келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауға «Сарыарқа Авто Пром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шығарылған дезинфекциялық автокөліктер жеткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Абылай хан алаңында дезинфекциялық жаңа көліктердің техникалық сипаттамасы таныстыру шарасына облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты.

Өңір басшысы көліктің рөліне өзі отырып көріп, іс жүзінде оның мүмкіндігін байқап көрді.

Өте жақсы машина. Жабдықталуы қазіргі күрделі төтенше жағдай режимінде өте қажет. Бізді өзіміздің отандық тауар өндірушісін қолдауымыз және оның осындай өнім шығара алғаны қуантады, – деді Ермек Маржықпаев.

Өңірге қала көшелерін арнайы дезинфекциялық шашқыш құрылғымен  жабдықталған барлығы 10 автокөлікке тапсырыс берілген.

Зауыт коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында азғантай мерзімде Chevrolet Damas және Labo машиналары базасында дезинфекциялық машиналар жасап шығарды. Қазір олардың бірқатары еліміздің әр түкпіріне жөнелтілді, – деді зауыттың баспасөз қызметінен.

Дезинфекциялық көлікке жалпы 500 литр дезинфекциялық сұйықтық сиятын сыйымдылық орнатылған. Минутына 40 литр сұйықтықты шашатын көлік бір өткенде 4 метр аумақты қамтиды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика