spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Бурабай еріктілері қиын кезеңде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды назардан тыс қалдырмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданындағы «Лидер KZ» волонтерлік қозғалысының белсенділері 50-ден астам жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бурабай өңірінде өткізіліп жатқан «Егер мен болмасам кім?» акциясына еріктілер де өз үлестерін қосуда. Сауапты іске «Лидер KZ» қозғалысының 25-ке жуық еріктісі мен «Тәуелсіз жүргізушілер» қозғалысының 14 еріктісі атсалысуда. Олар әрдайым жүріп-тұру мүмкіндігі аз тұлғаларға қол ұшын созуға ұмтылады.

Еріктілердің негізгі жұмысы «Мейірімді көршілер» челенджінің аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға дүкеннен күнделікті тұтынатын нан, сүт, дәрі-дәрмек сияқты аса қажеттілік тудыратын заттар жеткізіп беру. Сонымен қатар қарттардың басқа да үй шаруашылығына қолғабыс ету.

Еріктілердің айтуынша, әлеуметтік желілердегі қозғалыс аккаунттарындағы бірде-бір өтініш назардан тыс қалмаған. Егер кім де кім қандай да бір өтініш жасағысы келіп, көмек қажет болса,  +77055441257, +7775337750 жедел желілері арқылы байланысқа шығуға болады.

«Мейірімді көршілер» челенджі Щучинск қаласында ғана емес, ауданның ауыл-селоларында да қолдау табуда. Расында да біздің қамқорлығымыз бен көмегімізге мұқтаж тұлғалар жетерлік. Бізбен бірге қарттарға, мұқтаж жандарға көмек, қолдау көрсеткен Щучинск құс фабрикасының қызметкерлеріне, «Спарта» спорт клубына, Щучинск бокс клубына алғыс білдіремін. Қиын кезеңде шет қалмаңыз! Біз біргеміз!»,- дейді Ақмола облысы бойынша «Лидер KZ»қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика