spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар үш аудан тәулік бойы бақылауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Астрахан, Атбасар және Целиноград ауданында су тасқыны жағдайы аса қауырт болып тұр. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар тасқын судың салдарынан тұрғын үйлердің суға кетуіне жол бермеу үшін барынша күш жұмылдыруда, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. Департамент басшысы Алексей Советовтың айтуынша өңірде су тасқыны кезеңінде 14 елдімекенде жұмыстар жүргізілген. Қазір негізгі күш су тасқыны қаупі жоғары Астрахан және Атбасар аудандарында жалғасуда.

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне қарағанда Жабай өзенінде судың деңгейі 7 сантиметрге төмендеген. Өзен деңгейі қалыпты мөлшерден асып түскен Астрахан ауданындағы Старый Колутон селосында жұмыстар жалғасып жатыр. Абырой болғанда өзен арнасы деңгейінің төмендеуі байқалды. Аулалардан суды сору және құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жабай және Колутон өзендерінде су тасудың шекті кезеңі өтті деген ойдамыз. Су тасқыны кезінде өңірдің барлық өзендерінде су деңгейі шамадан тыс болғанын атап өткім келеді. Дегенмен, алдыналу шараларының арқасында елдімекендерді су басуына жол берілмеді, – деді Алексей Советов.

Қазіргі уақытта Жабай және Колутон өзендеріндегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика