spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада қатаң шектеу шаралары енгізілді (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 13 сәуір сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Өңірдің бас санитар дәрігері Ақмола облысында қатаң шектеулер енгізетін қаулыға қол қойды. Оған сәйкес ендігі кезекте облыс аумағында барлық қоғамдық көліктер мен автомобиль көліктерінің барлық түрлерінің жұмысы тоқтатылады. Тек ресми тіркелген такси қызметтері ғана жұмысын жалғастырмақ.

Біз қатаң шектеулерді қолға алдық. Мұндай қадамға коронавирус инфекциясының таралуын үзу үшін бардық. Барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды. Қалада жұмыс істейтін барлық ұйымдар қызметкерлерін орталықтандырылған түрде үйлерінен жұмысқа дейін жеткізіп отырады.  Өйткені Ақмола облысы қазір вирустық инфекция тіркелген науқастар жөнінінен республика бойынша төртінші орынға шықты. Облыс әкімдігімен, полиция департаменттерімен, аудандық және қалалық әкімдіктермен бірігіп сауда орындарына басқа да нысандарға рейд шаралары ұйымдастырылады. Егер қаулы талаптарын орындамаған жағдайда сауда орындары жабылады. Сондықтан тұрғындардан аталған мәселеге түсіністікпен қарап, барлық талаптарды орындап аса қажет болмаса үйден шықпауларыңызды сұраймын, – деді Айнагүл Мусина.

Қаулыға сәйкес аталған шектеулер 25 сәуірге дейін жалғасады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img