spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
7.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында алғашқы науқастар коронавирус инфекциясынан жазылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы 4 науқас жазылып шықты, – деп хабарлайды «Aqmola news». 

Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

Бүгін позитивті сәт туып тұр. Алғашқы анықталған науқастар жазылып шықты. Олар емделу курстарынан өтіп, коронавирус инфекциясы енді анықталмады. Емделушілер тұрғылықты жері бойынша жеткізіледі. Одан кейін екі аптаға үй карантинінде болады. Осыдан кейін толық айығып шығады. Науқастар бір мезетте түскендіктен іс жүзінде осы аптада теріс нәтиже көрсеткендер жазылып шығады, – деді Айнагүл Мусина.

Науқастардың барлығы Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінде емделген Целиноград ауданының Қосшы ауылының тұрғындары. Өңірде алғашқы болып вирустық инфекция жұқтырған науқастар ауруханаға 28 наурызда түскен. Екі мәрте зертханалық зерттеу жүргізген дәрігерлердің еңбегі жанып 16 күнде науқастар жазылып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес Ақмола облысында 73 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 4 адам қаза болып, 4 адам жазылып шықты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img