spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Көкшетау Энерго» ЖШС тұтынушыларына үндеу жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында «Көкшетау Энерго ЖШС тиісті органдармен бірлесіп жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифын  10 пайызға төмендетті,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

COVID-19-дың туындауына және төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты компания өз тұтынушыларына үндеу жасады.

Құрметті электр энергиясының тұтынушылары!
Бүгін осы қиын уақытта «Көкшетау Энерго» ЖШС өз тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті күш-жігерін жұмсайды, өйткені, барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері электр энергиясына байланысты.
Сонымен қатар, Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 өндіруші компаниялары электр энергиясын бұрын бекітілген тариф бойынша босататынын атап өткіміз келеді, ал, осыған кепілдік беруші біздің өңірдің жеткізушісі – «Көкшетау Энерго орталығы» ЖШС осы компаниядан электр энергиясын алдын ала төлеу бойынша мерзімін ұзартпай жібереді.
Осыған байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым – «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС және энергия беруші ұйым – «Көкшетау Энерго» ЖШС-інің энергия өндіруші кәсіпорындар (станциялар), «KEGOC» АҚ және аймақтық электр желілік компаниялар алдында белгілі бір міндеттемелері бар екенін ескеру қажет. Міндеттемелер бойынша төлем болмаған не уақтылы төленбеген жағдайда, соңғысы электр энергиясын беруді шектейді, бұл өз кезегінде «Көкшетау энергия орталығы» ЖШС барлық тұтынушыларын электр энергиясын жабдықтауда іркіліске әкеледі. Осыған байланысты, құрметті абоненттер, осы ауыр уақытта тұрмыстық қолайсыздық тудырмау үшін пайдаланған электр энергиясына уақытылы төлем жасап, жауапкершілік көрсетулеріңізді сұраймыз,-делінген үндеу мәтінінде.

Электр энергиясы үшін төлемді үйден шықпай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен электрондық әмияндар бойынша, сондай-ақ, жақын жердегі төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады. Қазіргі таңда компания өкілдері мобильдік кассалық операторлардың қызметтерін пайдалану мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img