spot_img
Бейсенбі, Маусым 5, 2025
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ірі сауда үйлерінің қожайындары жалдаушыларға жеңілдік жасауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ірі сауда үйлері карантин кезінде сауда орындарын жалға алушылардан жалдау ақысын алмайтын болды, – деп хабарлайды «Aqmola news» «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Сауда үйінің аумағында орналасқан бутик иелерінен жалдау ақысын алмауды алғаш болып Көкшетау қаласының орталық әмбебап дүкенінің әкімшілігі жөн деп тапқан. Сауда үйінің аумағы 12 мың шаршы метрді құрайды.

Бұл шешімді саналы түрде қабылдадық. Еліміздегі төтенше жағдайға және оған сәйкес өңірдегі шектеу шараларына байланысты «ЦУМ» сауда үйі басшылығы мен құрылтайшылар біздің жалдаушыларды жалдау ақысынан босатуға шешім қабылдады. Қазіргі жағдайда біз азаматтарға, жерлестерімізге көмек көрсетуге тиістіміз, – деді «Ұрпақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мәлік Құлтеміров.

Аталған игі қадамды «SATTI» сауда үйі де жалғастырды. Мұнда сауда үйінің аумағы 2600 шаршы метрді құрайды.

Сауда үйі жұмыс істемеген кезде жалдау ақысынан босату өте дұрыс шешім. Сауда үйі жабық болған кезде мен қалай жалға алушылардан жалдау ақысын өндірмекпін. Бұл жерде мен де олардың алдындағы міндеттемелерді орындап жатқан жоқпын ғой. Жалдау ақысын әлі де болса алып жатқандарды түсінбеймін. Барлық әріптестерім де мұндай мәжбүрлі жағдайда өзінің жалдаушыларынан жалдау ақысынан босатуы тиіс деп санаймын, – деді «SATTI» сауда үйінің директоры Бөркен Кәкпенов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика