spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда электр желілерін жөндеу жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда болған дауылдың салдарынан қаланың бірқатар аудандары әлі де болса электр жарығынсыз қалған. «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Облыс орталығында 7 сәуірде болған дүлей дауылдың салдарынан көп қабатты тұрғын үйлермен қатар бірқатар өнеркәсіптік нысандар үш тәулікке жуық жарықты күтуде. Тіпті, өңірдегі ауа райы жағдайлары мен су тасқыны жөнінде өңір халқын хабардар ететін «Қазгидромет» филиалы мен коронавирус індетімен күресіп жатқан Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменттері де бар. Тұрғындар мәселені өз күштерімен шешудің амалдарын да қарастыруда.

Краснояр саяжайларында жарық әлі жоқ. Тұрғындардың тоңазытқыштарында азық-түліктері бұзылып, тамақ әзірлей алмай жатыр. Тіпті ұялы телефондарда қуат көзінің таусылуынан байланыссыз қалды. Қалалық электр желісінен бүгін кешке дейін жарық берілетінін хабарлады. Дегенмен бізге жарық жеткенше әлі бірталай уақыт өте ме деген қаупіміз бар. Мұнда 10 мың вольт бар. Кім бағанның басына шығатынын білмеймін. Қорқынышты, – деді Серік Махыметов.

Ал электр желілерін жөндеуші мамандар тұрғындарды сабырға шақырып, алдағы уақытта жарықтың жөнделетінін жеткізуде.

Біз дауылдан кейін үзілген электр сымдарын жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындардан сабыр сақтап, өз бетімен электр бағандарына шықпауын өтінеміз. Біз үлгермей жатырмыз. Барлық өтініштер қабылданды. Кезегімен барлық жарықсыз қалған аудандарды қосатын боламыз, – деді монтаждау жұмысын жүргізуші мамандардың бірі.

 

Қазіргі уақытта Шевченко, Темірбеков, Әуезов, Бармашино ауданынан «Көз орталығына» дейінгі электр желілері әлі қосылған жоқ. Қатты желге қарамастан монтаждық бригадалар тәулік бойы жұмыс жүргізуде. Кешеден бері апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстарына 25 адам мен сегіз техника бірлігі жұмылдырылған, Мәселе ерекше бақылауда, жұмысты әріқарай жалғастыратын боламыз, – деді «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаев.

Қазір облыс орталығында Краснояр саяжайлары, балалар теміржол ауруханасы ауданында тұрғындар жарықсыз отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img