spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
25.2 C
Kokshetau

Ақмолалық колледжде 57 «елес» студент оқып келген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының агротехникалық колледждерінің бірінде оқу орнының есігін де ашпаған 57 студент оқып келген, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Колледжде бірнеше жыл бойы «елес» студенттердің оқып келгені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаевтың бейне байланыс арқылы білім беру саласы қызметкерлерімен конференция ұйымдастыру барысында мәлім болды.

Елімізде және тұтас әлемде болып жатқан күрделі кезеңде мемлекет басшысы білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріп келеді. Дегенмен білім беру процесінде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық оқиғалары жалғасып келеді. Өйткені білім саласы әлеуметтік маңызы жоғары болғандықтан, бюджет қоржынан мол қаражат бөлінеді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында агротехникалық колледж директорының жеке бас пайдасы үшін колледжде мүлдем оқымаған 57 студентке шәкіртақы тағайындап келгені анықталды. Осылайша мемлекет бюджетіне 4 миллион теңгеден астам шығын келтірілген, – деді департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.

Білім беру саласы мамандарымен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшылығы мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермей, өскелең ұрпаққа өмірдегі басты құндылықтарды сіңіріп, сонымен қатар білім мен ғылымды игерудің маңыздылығына мән беру қажеттігін атады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика