spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Ақмолада 31 наурыздан бастап карантин енгізілмек (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус індетінің аса зор қарқынмен таралуына байланысты Ақмола облысында наурыздың 31-і сағат 19.00 бастап бастап уақытша сипаттағы карантиндік шектеу шаралары енгізілетін болды. Қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысында 11 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Облыс аумағында қауіп төндіріп отырған инфекцияның таралу ошағы Целиноград ауданының Елорда маңындағы аумақ болып отыр.

Карантин кезеңінде Ақмола облысының аумағына транзиттік жүк көлігі, сонымен қатар азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, өңірдің өнеркәсіптік, ауылшаруашылық қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған материалдар мен өндірістік тауарлар тиелген жүк көліктерінен басқа барлық автокөліктер мен азаматтардың кіруі және шығуына тыйым салынатын болады.

Шектеу шаралары кезінде азық-түліктер мен дәріханалар, парктер, монша кешендері, санаториялық-курорттық нысандар, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік, автомобильдік, киім, құрылыс базарлары, сонымен қатар адамдар көп жиналатын басқа да нысандардан басқа ірі сауда орталықтары өз жұмысын уақытша тоқтатады.

Адамдар қатынамастан жеткізуге тәуліктік режимде қызмет көрсетуді қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандары жұмыстары уақытша тоқтатылады.
Дәріханалар мен дәріханалық дүңгіршектер штаттық режимде жұмыстарын жалғастырады.
Облыс тұрғындарына аса қажеттілігі болмаса үйден шығуға шектеу қойылып, бір реттік қолғаптар мен маскалар киіп, қолды антисептикалық құралдармен тазарту қажет. 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режиімн сақтау қажет.

https://www.facebook.com/100022339494071/videos/671298793624764/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img