spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Еліміздің жеті облыстық мешіті Елордаға гуманитарлық көмек жөнелтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус инфекциясының таралуы халықтың баршысына экономикалық қиындықтар туындатқаны даусыз. Індеттің дендеп енуінен үйқамақта отырған көптеген отбасылар өмірдің қиын жағдайына тап болып жатқаны шындық. Осыны ескерген еліміздің басты жеті мешіті Елордаға гуманитарлық көмек жолдады, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының бас мүфтиінің бастамасымен «Жүрек жылуы» атты акция басталған. Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешіті де аталған акциядан қалыс қалмай қолдан келгенше қол ұшын созды. Елордаға 7 тоннаға жуық алғашқы қажетті азық-түліктер жөнелтілді. Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының айтуынша мешіт әрқашан еліміздегі қиын-қыстау кезеңде мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге әзір.

-Акцияға тек Ақмола облысы ғана емес Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары үн қатуда. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласына біз 7 тонна азық-түлік жөнелттік. Қаражат басқа өңірлердің мешіттерімен бірге жиналды. Жалпы 13 келілік 500 қорап жөнелтілді. Азық-түлік өнімдері Елорданың бас мешітіне жеткізіліп, онда мұқтаж отбасыларға таратылатын болады, – Қуаныш қажы Жұмабайұлы.

Сонымен бірге Науан Хазірет мешіті Ақмола облысының тұрғындарына да гуманитарлық көмек көрсетуге әзір. Әрбірінің салмағы 15 келілік 100 қорапта қант, шай, макарон, сарымай, ұн сияқты азық-түлік өнімдері бар. Көкшетау мешіті тұрақты негізде мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетпек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика