spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Бурабайда демалыс аймағында орындар босатылып жатыр!» Спикер не дейді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов Бурабай мен Щучинск курорттарындағы азаматтарды карантинге жатқызуға арналған орындарға қатысты түсініктеме берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

– Бұған дейін вацап арқылы таралған «Бурабайда демалыс аймағында орындар босатылып жатыр» деген қауесет жайлы айтып өткім келеді. Бүгінде облыстық туберкулез диспансерінде инфекция жұқтырғандарға арналған 40 орын, облыстық көпсалалы аурухана жанындағы тері-венерологиялық диспансерде 80 орындық және Көкшетау медицина колледж жатақханасында 80 орын-жабдығы ұйымдастырылған.

Бұған қоса біз кез-келген уақытта қосымша орындар дайындауға міндеттіміз. Егер жағдай ушықса, дайын болуға тиіспіз. Сондықтан Бурабай ауданындағы Щучинск қаласындағы агро-техникалық колледжінен, «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығынан, қонақ үйлерден, демалыс үйлерінен, лагерьлерден, жатақханалардан қосымша орындар қарастырып жатырмыз.  Бұндай орындарды науқастарды емдеуге арналған деп айтуға келмейді. Себебі облыс бойынша КВИ жұқтырған науқас анықталған жоқ. Біз бұл орындарды  егер сырттан келушілер көбейсе, карантинге жатқызылатын тұлғаларды жеке оқшаулау үшін, оның жағдайын медициналық бақылауға алу үшін әзірлеп жатырмыз. Карантинге жатқызылғандардың бәрін шеттерінен науқас деуге келмейді ғой…,- дейді Сүлен Ілиясов.

Бүгінде облыс көлемінде 1118 карантинге жатқызуға арналған төсек-орын жабдығы дайындалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img