spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалатын болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалатын болады, – деп хабарлайды Aqmola news ақпараттық агенттігі Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшасына сілтеме жасап. 

Бұл әкімдіктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылмақ. Әлеуметтік көмек бірінші кезекте  жәрдемақы құрамы, тұрақты мекенжайы мен табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға берілетін болады. Әлеуметтік  көмектің қайта тағайындалуы үшін отбасылардың мәліметтері тексеріледі. Яғни, тұрақты мекенжайы жөнінде тіркеу, табыс пен отбасы құрамы, жылжымайтын мүлік пен көліктің болуы сияқты мәліметтер өзгермеген жағдайда өтініш қолда бар мәліметтер бойынша қабылданады. Барлық ақпарат пен хабарламалар электронды пошта және мессенджерлер арқылы жіберіледі.

Өңірде осы жылдың 1 тоқсанында 8348 көп балалы отбасылардың 663-і атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Ұқсас жолмен шартсыз ақшалай көмекті тағайындау да қарастырылған. 2020 жылдың 1 тоқсанында түскен кіріс көлемі де электронды пошта мен мессенджерлар көмегімен жүзеге асырылатын болады. Əлеуметтік көмекті алушының мәртебесі өзгермеген болса, жекелей түрдегі жоспарда 2020 жылдың 1 тоқсанына ұқсас шаралар көрсетіледі. Барлық хабарламалар да электронды түрде жіберіледі. Бұл ең алдымен еліміздегі індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр, – дейді басқарма басшысы Дина Ахметжанова.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында 1,5 млн көп балалы қазақстандық әлеуметтік жәрдемақыны онлайн режимінде алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img