spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
16.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында коронавирус диагнозы тіркелген жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде  дәрігерлердің бақылауында, карантинде барлығы 31 адам жатыр. Оның 16-сында коронавирус анықталған жоқ. 15 адамның сараптама қорытындысы жуық арада дайын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді,-деп хабарлайды Aqmola Иews ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайға орай, облыс ауруханаларында сақтық шаралары күшейтілген. Аурухана қызметкерлері онлайн-кеңес беру режиміне көшкен. Басқарма басшысы  қашықтықтан жұмыс істеуге байланысты іс қарастырылып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар аурухана маскалық режимге толық ауысқан.  IT мамандары интернет ресурстары арқылы науқас пен емдеуші дәрігер арасындағы  аудандар мен  алыс ауылдар арасындағы  ұялы байланыс пен онлайн режимді реттеу үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ауруханада ем алып жатқан науқастар бұрынғысынша емделуді жалғастырады. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

– Бұл үшін кез келген науқас «Damumed” құрылғысын пайдалануды білу керек.Осы арқылы поликлиника мен ауруханадағы адамдар шоғырын азайтуға болады,-деді Сүлен Ілиясов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика