Калада қоғамдық автобустарды медициналық-профилактикалық және дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
- Қаладағы қоғамдық тасымалдаушы автобустарды соңғы аялдамасында дезинфекциялау қолға алынды. Мысалы, Сарыарқа шағынауданынан шығып, 21 мектепке келгенде автобустың іші, сырты метал қабаты тарзартылады.Тазарту үшін арнайы сұйықтық пен хлор қолданылады. Біз күніне 10 литр арнайы қоспадан беріп отырмыз. Ал күнде кешкісін автожуу бекеттерінде қоғамдық көлік толық жуылады,-дейді Көкшетау автобус паркінің бас директоры Шаримова Асия.
Орын алған халықаралық жағдай Көкшелік жұртшылыққа да әсер етуде. Автобус паркінің мамандарының пікірінше, оқу орындарында студенттер мен оқушылардың болмағандығы себепті күнделікті қатынайтын қоғамдық көліктердің рейсі қысқартылған. Сонымен қатар Ресейге қатынайтын халықаралық рейс те жұмысын уақытша тоқтатқан.