spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
15.4 C
Kokshetau

Зеренді ауылында қоғамдық монша салынбақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында 50 орындық қоғамдық моншаның құрылысы үшін жобалық құжаттама жасалуда,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Аудан орталығында барлық қажеттi талаптар мен параметрлерге сай қоғамдық моншаның болмауы ауыл тұрғындары үшiн өзектi мәселелердiң бiрi болып отыр.
Аудан әкiмi Бауыржан Ғайса кәсiпкерлер Серiк Исимбаев пен Бауыржан Қайынбаевты қабылдады. Кәсіпкерлер Зерендi ауылында монша кешенiнiң құрылысы бойынша жоспарларымен бөлiстi.
2019 жылы аукционда дене шынықтыру-сауықтыру кешенi ғимаратының маңында жер телiмi сатып алынып, рәсiмделдi, қазiргi уақытта ерлер мен әйелдер бөлiмшелерi қарастырылған 50 орындық монша құрылысы үшiн жобалық құжаттама жасалуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында бастау жоспарланған.
Әңгiме барысында кәрiз жүйесiн орнату, келушiлер үшін қызмет сапасын жақсарту, жұмыс тәртiбi, қызмет көрсету бағасын белгiлеу, зейнеткерлерге жеңiлдiктер жасау мәселелерi талқыланды. Өз кезегiнде, аудан әкiмi кәсiпкерлерге жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан жобаны жүзеге асыру кезiнде жан-жақты қолдау көрсетiлетiнiн айтты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика