spot_img
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
0.7 C
Kokshetau

Солтүстік пен шығысқа қоныс аударуға қалай қарайсыз?

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлеріне (жұмысқа орналастыруды және жалға берілетін тұрғын үйді қамтамасыз етумен) ерікті аймақаралық қоныс аудару бағдарламасы бойынша бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Аталған өңірлердегі бос орындар жәрмеңкесі 4-5 наурызда өткізіледі,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бос орындар жәрмеңкесіне 20-ға жуық компания, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Қостанай, Павлодар қалаларының жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысады. Жәрмеңкеге келушілерге Қазақстан Республикасының басқа қалаларында жұмыс табуға, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП, «Qolday» кәсіпкерлік орталығы және «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры« АҚ-дан бизнес ашу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі. Шараны Бостандық ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады.
Жәрмеңке Әл-Фараби даңғылы бойында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы алаңда 4-5 наурыз күндері сағат 10:00-ден басталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақ  халқының дәстүрлі  киімдері

Қазақтың ұлттық киімі – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз ерте заманнан түрлі әсем киім үлгілерін жасап, киіп келген. Осы киімдердің эстетикалық,этно-мәдени,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика