spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

«Сарыарқа» магистралды газ құбыры Ақмола облысына да жеткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

«Сарыарқа» магистралды газ құбыры Ақмола облысының біраз аймағын да газбен қамтитын болады. Бұл туралы ҚР Премьер министрі Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды,- деп хабаралайды Aqmola News ақпарат агеннттігі.

 Өңірде газ тарату желісін салу мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр. Сонымен қатар қазіргі уақытта Үкімет елдің солтүстік өңірлерін газдандыру үшін газ құбырының екінші және үшінші кезеңдерін жүзеге асыру мәселесін қарастырып жатыр.

«Сарыарқа» газ құбыры 2040 жылға қарай 2,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.

         «Ақмола облысында мемлекеттік сараптама қорытындысын кеш алуға байланысты құрылыс жұмыстары басталған жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл мәселе шешілді және Ақмола облысының әкімдігі мердігер ұйымды айқындауға арналған конкурстық процедураны жүргізіп жатыр. Бұған қоса, Ақмола облысының әкімдігі 2020 жылы республикалық бюджеттен газ тарату желісі құрылысын қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді Энергетика министрлігіне енгізді. Аталған бюджеттік өтінім 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін республикалық  комиссияның қарауына енгізілетін болады », – деді Асқар Мамин.

Келешекте жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен  Жәйрем, Аршалы, Осакаров, Атасу, С.Сейфуллин, Шахтинск елдімекендеріне автоматтандырылған газ тарату стансасы салынады.

«Сарыарқа» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, газ құбырының гидравликалық қуаты жеткілікті және қосымша параллель тармақ құрылысын қажет етпейді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласына  Ақмола мен Қарағанды облыстарын магистралды газ құбырына қосу үшін газ тарату желілері құрылысының 1-кезеңі жоспарланған. Ол ведомстводан тыс сараптамадан толықтай өтіп, оң қорытынды алды.

Өткен жылы «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 1-кезеңінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі кезде газ құбыры желілік бөліктен басқа Астана-1, Астана-2, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған елдімекендерінде автоматтандырылған газ тарату станциялары жұмыс істеп тұр.

Премьер-Министрдің дерегінше, 2020-2022 жылдарға арналып бекітілген бюджетте Нұр-Сұлтан қаласына 8,6 млрд теңге, Қарағанды облысына 58,8 млрд теңге қарастырылған.

Ал Ақмолаға газ тарту жұмысына бөлінетін қаражат жоспары комиссияның шешімінен соң белгілі болмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img