spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
15.6 C
Kokshetau

Абылай ханның алып монументін салуға мүсіншілер мен қолөнершілер арасында байқау жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай курорттық аймағындағы Кенесары ауылында Абылай ханның монументі салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

«Кешен «Абылай Хан» монументі деп аталады, биіктігі 54 метр болады. Абылай ханның тақта отырған келбеті суреттеледі. Ханның асатаяғына жедел саты орнатылады, келушілер сол арқылы 20 қабаттық биіктікке көтеріліп айналаны тамашалай алады», – деді қоғам қайраткері Арман Шораев БАҚ өкілдеріне.

Сондай-ақ, кешенде қазақ халқының хандық дәуірін суреттейтін мұражай, кітапхана, демалушыларға қажетті әлеуметтік нысандар болады деп күтілуде. Кешенді мемлекеттік бюджеттің қаржысына емес, қарапайым халықтың қолдауымен салу көзделіп отыр. Бастамашы топ жалпы халықты осы жобаға үлес қосуға шақырды.
Сонымен қатар жобаны іске асыратын сәулетші, дизайнер, суретші, инженер, құрылысшы мамандар арасында халықаралық ашық конкурс жарияланды. Яғни, Абылай хан кешенінің сызбалық нұсқасын жасауға әлемнің кез келген елінен үміткерлер қатыса алады.
Конкурс 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Биыл 7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайында комиссия құрамы конкурсқа келіп түскен үздік 5 жобаны анықтайды. Ұйымдастырушылардың қаржыландыруымен іріктелген 5 жобаның сызбалық нұсқасы жасалады. Одан соң үздік 5 макеттің арасынан сәулеті мен тиімділігі жоғары деп бағаланған автордың жұмысы мақұлданбақ.
Айта кетсек, 2019 жылдың аяғында Арман Төлегенұлы Абылай хан монументін салу бастамасын көтерген болатын. ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз кезегінде бұл бастаманы құп көріп, қолдау білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика