spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
20.2 C
Kokshetau

Қазақстан мен Өзбекстан арасында II халықаралық ынтымақтастық форумы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Күн сәулелі Өзбекстан мемлекетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында II халықаралық ынтымақтастық  форумы өткізілді. Форум аясында бірқатар келісімге қол қойылды, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Екі елдің өзара достығын нығайтуға бағытталған жиын «Аймақтардағы бизнес пен ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастық, өнеркәсіп және туризм» тақырыбына арналды.

Сонымен қатар форумда  Ақмола облысының әкімдігі мен ҚР Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы инвестиция және сыртқы сауда басқармалары арасында екі елдің кәсіпорындары мен мекемелерінің сауда байланысына  тиімділік жасайтын келісімдерге қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстан компаниясы «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Сырдария облысы Мирзаабад ауданымен бірлескен инвестициялық жобасын жүргізу мақсатында темірбетон құбырларын өндіру;

АҚ «Тыныс» және Сырдария облысындағы Хокимият бірлесіп жеке қорғаныстағы арнайы киімдерін, полиэтилен құбырларын, геотекстил өнімдерін өндіріп қолданысқа беру;

АҚ «ҰК «KAZAKHINVEST»,  «KRANTAS» және АҚ «Тыныс» ауылшаруашылық өнімдерін, құрылыс материалдарын, арнайы коммуналдық техникаларын өндіруге, сондай ақ, мұнай және газ саласына қатысты бірлескен үш жақты келісім жүргізілді.

Бұл келісімдер екі елдің дамуына айтарлықтай әсер етіп, өнеркәсібін жандандырып, өзара достықты нығайтады деп күтілуде.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика