spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

Шортанды ауданы су тасқынына дайындалып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Аудан әкiмi Гайдар Қасенов әкiмдiк бөлiмдерiнiң басшыларымен апта сайынғы жедел кеңесте су тасқынына дайындық барысына назар аударды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Аудан басшысы су тасқынын алдын алу шараларын күшейтудi және қаңтар мен ақпан айлары аралығында қар түсудi ескере отыра жоспарларға түзетулер енгiзудi тапсырды.

«Су тасқыны жағдайына тиiстi түрде дайындалу қажет, биыл қыс жылы және қар көп. Гидротехникалық құрылыстардың, су бұру арналарының жай — күйiн тексеру, адамдарды эвакуациялау үшiн орындарды әзірлеу бойынша нақты iс-шаралар жоспарын егжей-тегжейлi әзiрлеудi тапсырамын», — дедi Гайдар Қасенов.

Бүгінде өңірде 2020 жылдың көктемiндегі тасқын сулары апат тудырмау үшін дайындық шаралары басталып кеткен.

Шортанды ауданының Төтенше жағдайлар бөлiмi, жергiлiктi атқарушы органдар елдi мекендердi инженерлiк қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыруды бақылауда.
Осы жоспарға сәйкес тасқын қаупі жоғары Дамса ауылдық аймағындағы дайындықтар пысықталып , «Основное» бөгетiн бақылау және суға бейiмдеу жұмыстары қолға алынды.
«Су тасқыны кезеңiне алдын-ала дайындалып, және бұл iс-шараларды уақытылы, сапалы және толық көлемде жүргiзу қажет»,- деді аудан әкімі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика