spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
14.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Көктем-2020» оқу жаттығуы өткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат – көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою басқару органдарының күштері мен құралдарын дайындау. Су тасқыны кезінде арнайы тактикалық жұмыстарды жетілдіріп, төтенше жағдай туындаған кезде жоғары әзірлік режімін қалыптастыру. Сол арқылы азаматтарды қорғауға алып, халықтың мал-мүлкін, дүниесін сақтап қалу үшін іс-қимылдарды пысықтау.
«Бастау-1001» сигналы түскеннен кейін Төтеншеліктер дереу іске кірісті.


Сонымен қатар дабыл туралы жергілікті атқарушы органдар, облыстық ТЖ комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері, ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімі хабардар етілді.
Содан соң штаб бастығы полковник Қанат Доспаев облыстық ТЖ комиссиясының мүшелерімен және облыстық азаматтық қорғау қызметінің бастықтарымен кеңес өткізді.

Алдағы уақытта осы оқу-жаттығу шеңберінде Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-әрекеттерді орындауға арналған дайындық, тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика