spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
19.2 C
Kokshetau

Аудандық орталық ауруханада жөндеу жұмыстары басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданының әкiмi Талғат Мұханбеджанов жұмыс сапары барысында Аршалы орталық ауруханасына барды. Аурухана ұжымымен пікірлесіп, науқастарға жасалатын медициналық қызмет түрлерінің сапасын тексерді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бас дәрiгер А. Н. Анюхина хирургия бөлiмшесiндегi жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырып, мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi аясында өткiзiлген iс-шаралар туралы баяндады. Әкiм тiркеу бөлiмiне жеке куәлiгiн ұсынып, халыққа қызметтер қолжетiмдiлiгiн өзi тексердi.

Қазiргi уақытта емхана штаттық режимде жұмыс iстейдi, мұнда үнемі күтпеген жағдайларға арналған оқу-жаттығулар өткiзiліп тұрады.

Аудан әкімі өткен жылдың қорытындысын баяндауға арналған брифингте аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, әсіресе, балалар мен әйелдер денсаулығын бақылауда ұстау үшін жұмыс күші жетілдірілгенін айтқан болатын.

Өткен жылы аудандағы № 42 разъездіндегі медициналық бөлімшесі жөнделіп, 3 этажды стоционар қалыпқа келтірілді.

Аудандық аурухананың материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында глицирленген гемоглобинді анықтауға арналған аппарат, ультрадыбыстық аппараты,   наркотикалық тыныс алу аппараттары, жүрек-өкпе ренимациясы маникені  сатып алынған болатын. Бұған 57 миллион теңге қаражат жұмсалды.

2020 жылы аурухана ғимаратының қасбетін және өтпелі бөлігін жөндеуге 76,6 миллион теңге бөлінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика