spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Қазақстанда алтын өндіретін үшінші зауыт Көкшетауда салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталады. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың «RG GOLD» компаниясының өкiлдерiмен кездесуінде айтылды,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде тау-кен байыту комбинаты құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленген, бiрқатар мемлекеттiк сараптама жүргiзiлуде.
Бұдан бөлек, инженерлік коммуникациялар үшін жер телімі дайындалған. «RG GOLD» «Оңтүстiк» және «Солтүстiк аудан қалашығы» кен орындарын өндiредi, онда өндiрiстiк қуаттылығы жылына 5 миллион тонна құрамында алтыны бар руда тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
Жаңа зауыт Қазақстанда алтын өндiретiн үшiншi зауыт болмақ.

«RG GOLD» компаниясының өкiлдерi өз жоспарларын таныстырды, бұл бағыт үшін 105 миллиард теңге инвестиция құю жоспарланған.

Бұл жоба жаңа жұмыс орындарының салық базасын нығайтып, кемiнде екi ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етедi, – дедi Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика